Коммуналдық қызметке арналған 15 мың теңге қашан төлене бастайды?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коммуналдық қызметке арналған 15 мың теңге қашан төлене бастайды?
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қаладағы коммуналдық төлемге арналған 15 мың теңге көлеміндегі көмек жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазір үкімет тарапынан тиісті нұсқау ережесі шықты. Сол ережеге сәйкес, біз штабпен бірге осы мәселені қарастырып жатырмыз. 54 мыңдай адамға 15 мың теңгелік коммуналдық төлемді беру мүмкіндігі қарастырылуда. Бүгінгі таңда біз электрондық жүйені Smart Astana арқылы жасағымыз келіп отыр. Бір-екі күн ішінде тиісті шараны атқарып, ақпарат құралдары арқылы хабар береміз», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.