Астаналық 6 азамат коронавирусқа қарсы күрестегі ерен еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астаналық 6 азамат коронавирусқа қарсы күрестегі ерен еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111980318837744.webp)
Пандемия басталғаннан бері көптеген кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар коронавирустық инфекциямен күресте жағдайды тұрақтандыру үшін бар күшін салуда.
Бұл ретте Президенттің өкімі бойынша әр саланың мамандарын естелік медальдармен марапаттау жөнінде шешім қабылданды. Осы жөніндегі жиынға дәрігерлер, педагогтар, журналистер, қоғам белсенділері қатысты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Халық алғысы» медалімен марапаттауға рұқсат етіңіздер. Пандемия кезеңінде үлкен жұмыс жүргізілді. Ол қазір де жалғасуда. Біз әлі инфекциямен күресіп жатырмыз. Мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, қоғам қайраткерлеріне, белсенділерге, еріктілерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олардың барлығы біздің қаламыздың, еліміздің игілігі үшін жұмыс істейді. Сондықтан біз ұйым жетекшілерімен бірге сіздерді құрмет белгілерімен марапаттау туралы ұсыныс жасадық. Қала басшылығының атынан табыс, сәттілік, денсаулық және амандық тілеймін. Пандемия басталғаннан бері ең маңызды тілек денсаулық болды және ол солай болып қала береді», - деп атап өтті елорда әкімінің орынбасары.
Екатерина Тыщенко