Мереке күндері Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік тоқтатыла ма

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мереке күндері Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік тоқтатыла ма
ашық дереккөз

"Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты жүреді. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді", - делінген ақпаратта.