Бизнес идеяларды іске асыру: 21 жобаға мемлекеттік грант беріледі
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Комиссия отырысында 59 өтініш қаралып, 21 жоба мақұлданды. Олардың арасында жиһаз цехы, ателье, тігін шеберханасы, ТҚС, наубайхана, медициналық қалдықтарға арналған қораптар жасау, мұз кәмпиттер өндіру, жеміс чипстерін өндіру сияқты жобалар бар. Халықты жұмыспен қамту орталығы «Бастау бизнес» немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында оқығандардан мемлекеттік грант алуға өтініштер қабылдауды жалғастырады. «Биыл барлығы 400 грант беру жоспарланған. Жыл басынан бері комиссия 36 грантты мақұлдады. Биыл мемлекеттік грант сомасы – 583 400 теңге», деп көрсетті Халықты жұмыспен қамту орталығы.
Ұқсас жаңалықтар