Есіл ауданының тұрғындары жаңа қоғамдық кеңістік ашуды ұсынды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Есіл ауданының тұрғындары жаңа қоғамдық кеңістік ашуды ұсынды
ашық дереккөз

Есіл ауданының тұрғындары урбанистермен талқылау барысында жаңа қоғамдық кеңістік құра отырып, «Уют» ТК жанындағы бос учаскені абаттандыруды ұсынды. ПИК өкілдері мен белсенділер Сығанақ көшесі, 18/1 аумағын абаттандыру бойынша үй арасында бос жатқан проблемалы учаскелерді «жандандыруға» тілек білдірді. Қазіргі уақытта ұсынылған идеялар негізінде эскиздік жобаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырма тұжырымдалады.