Омаров көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Омаров көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112000246476275.webp)
«Нұр-Сұлтан қаласының жаяу жүргінші аймақтары және қала аумағында қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді және жайлы жайластыру реконструкциялауды» нысаны құрылысына байланысты 2021 жылғы 1 наурыздан 2021 жылғы 25 сәуірге дейін Омаров көшесі бойында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрынан Әуезов көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезеңінде көлік қозғалысы шектеледі. Қозғалыс жол белгілерін орнату арқылы уақытша сызба бойынша жабық учаскені айналып өту арқылы ұйымдастырылады. "Осыған байланысты «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ кешірім сұрайды және елорда тұрғындары мен қонақтарынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелеріне барынша мұқият болуды және уақытша жол белгілерін басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) сақтауды сұрайды", - делінген хабарламада.