Алматы ауданындағы бірқатар көшелерге электр жарығын беру уақытша тоқтатылады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Есепке алу құралдарын орнату жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сағат 10-30 бастап сағат 11-30 дейін төмендегі мекенжайлар бойынша электр энергиясын беру тоқтатылады. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының оң жағындғы Масаты көшесі, Қобыз көшесі, Төлебаев көшесі, Бесбалық көшесі, Сарын көшесі және Қошқарбаев көшесі. Сонымен қатар трансформатордағы құрылғыны ауыстыру үшін сағат 15-00 - 16-00 аралығында Балқантау көшесі, Жанкент көшесі, Жұмабаев көшесі, Ақшатау тұйық көшесі және Баянтау көшесіндегі нысандарға жарық беру уақытша тоқтатылады.
Ұқсас жаңалықтар