Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға аспаздық өнерден мастер-класс өткізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға аспаздық өнерден мастер-класс өткізілді
ашық дереккөз

Сервис және туризм колледжі базасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық өнер бойынша мастер-класс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырды. Аталған мастер-классқа 6-18 жас аралығындағы 10-нан астам бүлдіршін қатысты. Олар шара барысында пицца дайындау бойынша аспаздық өнерді меңгерді және іс-шара соңында өз қолдарымен жасалған тағамдармен жақындарына дәм таттырды.