Елордада 39 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 39 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейді
ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq» мобильдік қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін анықтауға, яғни коронавирус тасымалдаушы ма, жоқ па деген сауалды нақтылауға мүмкіндік береді. QR-код бойынша кіруді бүгінде елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны енгізді. Олардың арасында фитнес-орталықтар, сауналар, бассейндер, моншалар, боулинг клубтары, бильярд бөлмелері және т.б. бар. Айта кетейік, QR-код бизнес субъектісінің атауы, орналасқан жері және сәйкестендіру деректері көрсетілген электрондық сәйкестендіргіш болып саналады. Нақты бір объектіге кіру және шығу үшін кемінде 2 QR-код беріледі. Егер мекемеге бірнеше рет кіріп-шықса әр кіргені үшін жеке код жасалады. Келушіге өзінің смартфонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеу, телефон нөмірі бойынша авторлану, ЖСН енгізу және өзінің баруын тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеу қажет. Сондай-ақ, шығу кезінде QR кодын сканерлеу керек. Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің мәртебесін оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді. QR-кодты сканерлегеннен кейін мобильді қосымшада келушінің мәртебесі түрлі-түсті форматта жанады. Ол бойынша адамның байланыста болғаны немесе жұқтырғаны айқындалады: - «жасыл» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткені ретінде белгіленген; – «көк» мәртебесі – ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19 науқаспен байланыста болмаған; – «сары» мәртебе – деректер базасында COVID-19 науқаспен байланыста болғаны ретінде көрсетілген; – «қызыл» мәртебе – COVID-19 үшін оң нәтижемен базада тіркелді. Мәртебе ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы сияқты ақпараттық жүйелермен салыстыру негізінде беріледі. Егер келушінің «қызыл» немесе «сары» мәртебесі байқалса, ол пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектісіне жіберілмейді. Осы мәртебелердің бірімен келушілер туралы ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерін хабардар ету қажет.