Елордада бүгіннен бастап 1-5-сынып оқушылары аралас форматта оқиды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бүгіннен бастап 1-5-сынып оқушылары аралас форматта оқиды
ашық дереккөз

Ал 6-8, 10-сынып оқушылары қашықтан білім алады. Пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан өткізілетін болады. «Көркем еңбек» және «Музыка» 1-5-сыныптарда қашықтан асинхронды форматта жүргізілетін болады. Штаттық режимде мына пәндер оқытылатын болады: - 1-сыныптарда: математика, сауат ашу, шет тілі, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, жаратылыстану, дүниетану, өзін-өзі тану; - 5-сыныптарда: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі және орыс әдебиеті, шет тілі, математика, информатика, Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, жаратылыстану. 9-11 (12) сыныптар «кезекші топтар» режимінде оқуын жалғастыруда. Оқытуды аралас форматта ұйымдастыру кезінде сабақтардың басталу және аяқталу уақыты көрсетіле отырып, икемді сабақ кестесі жасалады. Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар көбейтілді, яғни дәрістер сыныптар арасында түрлі уақытқа қойылады. Мектептерде эпидорталық туралы анықтамалар талап етілмейді, алайда ішкі сүзгі мен дезинфекциялық іс-шаралар күшейтіледі. Сонымен қатар, ерекше жағдайларда, ауру немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқытуға рұқсат етіледі.