«Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдау шараларын ұсынады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдау шараларын ұсынады
ашық дереккөз

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры Гүлсая Зейнелғабдина қордың жұмысы жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Даму» қоры Қазақстанда шағын, орта және микробизнес өкілдеріне қолдау көрсететін ұлттық институттардың бірі саналады. «Даму» қоры кәсіпкерлерге төрт түрлі қолдау шарасын ұсынады. Олардың бірі жеңілдетілген пайыз мөлшерлемесімен несие беру. Екінші түрі - жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау, үшіншісі - кепілдік беру, төртінші - кәсіпкерлерді оқыту мен кәсіпкерлердің жобаларына сүйемелдеу жасау. Осы жеңілдетілген пайыз мөлшерлемесімен несие беруді «Даму» қоры екінші деңгейлі банктермен, микроқаржылық ұйымдармен және де лизингтік компаниялардың көмегімен жүзеге асырады. Бірнеше бағдарлама осының шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Олардың бірі - өңдеу өнеркәсібіндегі бағдарлама. Бұл бағдарлама аясында кәсіпкерлердің жеңілдетілген пайызбен - 6 пайыз мөлшерлемемен несие алуға мүмкіншілігі бар», - деді Гүлсая Зейнелғабдина Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.