00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«30 игі іс»: елордалық еріктілер ыстық шай мен бауырсақ таратты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«30 игі іс»: елордалық еріктілер ыстық шай мен бауырсақ таратты
ашық дереккөз

Бүгін "Астана жастары" КММ еріктілері Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Шапағат" коммуналдық базарының, "Тұлпар" және "Астаналық базар" сауда үйлерінің жанындағы аялдамаларда барлық өтіп бара жатқан адамдарға, «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратты. Елордалық еріктілер мұндай іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырады. 

Акцияны ұйымдастырушылар атап өткендей, жақында қалың жауған қар қаладағы қозғалысты қиындатады, бұл өз кезегінде аялдамаларда автобустардың күту уақытын арттырады. Сондықтан шай тарату адамдар көп жиналатын жерлерде өтеді. 

“Бүгін қала тұрғындары, сондай-ақ коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ тарату акциясы өтуде. Бұл акцияны бірінші жыл өткізіп тұрған жоқпыз, жыл сайын өткізетін акция. Осы қыста акцияны аптасына кемінде бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл акция тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге көмектеседі. Сонымен қатар, біздің еріктілер көмекке мұқтаж адамдардың үйлерін қардан тазартады”, – деді "Астана жастары" КММ бөлім басшысы Әлфараби Аймақ. 

Политехникалық колледждің 2 курс студенті Айжан Дүйсенова жарты жыл бұрын елордалық еріктілер қатарына қосылды. Ол әрқашан адамдарға көмектескісі келетінін айтады, сондықтан барлық қайырымдылық шараларына қуана қатысады.

“Бүгін "Астана жастары" еріктілері қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратуда. Бұл акцияны ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "30 игі іс" акциясы аясында өткізудеміз. Осылайша адамдарды жігерлендіріп, оларға жылулық сыйлап, аязды күні көңіл-күйлерін көтергіміз келеді”, – дейді Айжан. 

Акция тұрғындарға ұнады, өйткені ыстық шай күн суықта жылытып, жылулық сыйлайды.

“Ерікті жастарға қамқорлығы үшін көп рақмет. Аязды күнде мұндай акциялар жанға жылу береді. Әсіресе ыстық шай мен дәмді бауырсақ – суық күнде ең жақсы нәрсе. Барлығына рақмет”, – дейді елорда тұрғыны Ерхан Мырзағұлов.