Әлмұханов Нұрдәулет: Елдің бірлігі - дамудың негізі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлмұханов Нұрдәулет: Елдің бірлігі - дамудың негізі
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Әлмұханов Нұрдәулет Иманәліұлы карантин режиміндегі діни ахуалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қалалық дін басқармасы, елдегі бүгінгі жағдайға байланысты халықты сабырлылыққа шақырып, рухани дамуына негіздейтін қандай бастамаларды жүзеге асырып отыр? Басқарма жұмысының негізгі бағыттары конфессияаралық, дінаралық келісімді сақтау, дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясының таралуына жол бермеу және халық арасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру. Осыған орай, карантин режимі басталғалы бері  дәстүрлі емес діни ағым идеологиясының таралуына жол бермеу мақсатында Дін мәселелерін зерттеу орталығын ресми инстаграм, фейсбук, вконтакте парақшасында тікелей эфир арқылы қала басшылығымен бекітілген ақпараттық-түсіндіру тобының білікті мамандарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары өткізілуде. Барлық дәрістерде коронавирустық инфекциясының таралу жағдайындағы сақтық шаралары және карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы ақпараттар айтылады. «Nur Otan»партиясының қолдауымен, «Bizbirgemiz» акциясы аясында Дін мәселелерін зерттеу орталығында әлеуметтік көмек алып жатқан әйелдер азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Бұл әйелдердің ішінде «Жусан» операциясымен елге қайтарылған әйелдер де бар. Сонымен қатар, «Зекет» қайырымдылық қорының қолдауымен мұқтаж отбасыларға 500 азық-түлік себеті таратылды. Жалпы Нұр–Сұлтан қаласында қанша діни бірлестіктер бар? Қазіргі таңда елордада 54 діни бірлестік, 30 діни ғимарат жұмыс жасайды. Барлық діни бірлестіктердің жетекшілерімен тұрақты байланыс орнатылған. Олармен біріге отырып, бүгінгі індетпен қарсы күресте қандай жұмыстарды атқарудасыздар? Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында діни бірлестіктердің жетекшілерімен бірлесе келушілердің қатысуымен өтетін құлшылықтарды тоқтату мәселесі қарастарылды. Жалпы діни бірлестіктердің басшылары түсіністікпен қарап, қабылданып жатқан шешімдер мен шараларды қолдады. Қазіргі таңда барлық діни бірлестіктердегі құлшылық ету жоралары онлайн режимде өтеді. Діни бірлестіктермен бірлесе ірі діни мерекелерге орай діни бірлестіктердің жетекшілерімен келушілердің қатысуымен өтетін мерекелік діни жораларды тоқтату туралы шешімді сенушілер арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар діни бірлестіктердің жетекшілерінің қатысуымен COVID-19 коронавирустық инфекциясы туралы кездесу өтті. Діни ғимараттарда діни бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен санитарлық-ағартушылық жұмыстар өткізілді. Діни бірлестіктерге коронавирустық инфекциялардан қорғану ақпараттары көрсетілген буклеттер, кітапшалар таратылды. Барлық діни ғимараттарда антисептикалық құралдарды орнату және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша шаралар күшейтілген. Бұл шаралар діни бірлестіктердің ғимараттарында қызмет көрсетіп жатқан діни қызметкерлер мен күзет қызметі, техникалық қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Алда Рамазан айы. Бұл қасиетті айда жамағат ораза тұтып, бес парыздың бірін орындауды ұстанады. Бұған қатысты қандай кеңестеріңізбен бөлісесіз? 2020 жылғы 14 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму істері министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Қазақстан Орыс Православ шіркеуінің басшысы Митрополит Александрдың қатысуымен брифинг өтіп, төтенше жағдай кезінде діни мерекелерді атап өту ережелері түсіндірілді. Қасиетті Рамазан айы кезінде барлық мешіттерде «жамағаттың» қатысуымен өтетін намаздар, сонымен қатар кешкі «Тарауық намаздары» да уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар мешіттерде және қоғамдық орындардағы дәстүрлі ауызашарлар өткізілмейді. Республикалық діни бірлестіктердің басшылары – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Митрополит Александр тарапынан құдайға құлшылық ету шараларын үйде өткізу ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы төтенше жағдайға байланысты барлық діни ғимараттардағы келушілермен өтетін құлшылық ету шаралары уақытша тоқталғандығын естеріңізге саламыз. Әрине мұндай шаралар көптеген адамдардың көңілін түсірері анық. Алайда мұның барлығы халықтың қауіпсіздігі, денсаулығы үшін жасалынған қадамдар, сондықтан елорда тұрғындары мен қала қонақтарын төтенше жағдай және карантиндік режим кезіндегі ережелерді сақтауларын сұраймыз. Қашанда елдің бірлігі, оның дамуының негізі болып табылады. Осы орайда Басқарма, діни саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы тұжырымдамаға сәйкес, қандай жұмыстарды бекітіп отыр. Басқарма Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясының таралуының алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Құрамында білікті әлеуметтанушы, дінтанушы, теолог және психолог мамандар бар ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жан-жақты форматта өтіп, қоғамның түрлі топтарын қамтиды. Бұл жұмыс барысында тыңдаушыларға тек қана дін саласындағы ақпараттар емес, Қазақстан Республикасының Заңдары, мемлекеттік бағдарламалар да түсіндіріледі. Сонымен қатар, дін саласында сабақ беретін ұстаздардың барлығын орталықтандыру мақсатында Басқарма тарапынан «Дінтанушылар Хабы» ашылды. Хаб құрамына жоғары оқу орындар, колледждер мен мектептердегі «Дінтану» пәнінің ұстаздары кіреді. Басқарма тарапынан хаб мүшелерінің біліктілігін арттыру семинарлары өткізіліп, тұрақты түрде әдістемелік нұсқаулықтар жолданылып тұрады. Бұл шара ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі мен бірізділігін бірқатар арттырды. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы әркімнің діни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретін зайырлы мемлекет. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған» - деп атап өтті. Сондықтан қаламыздағы діни бірлестіктермен тиімді байланыс алаңына айналған, құрамына мемлекеттік мекеме басшылары мен діни бірлестіктердің жетекшілері кіретін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесін ерекше атап өткім келеді. Кеңестің басты мақсаты азаматтардың діни наным еркіндігі мен діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасқа құқықтарын қамтамасыз ету, қоғамдағы рухани келісімді нығайту, конфессияаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі ұстанымдар мен ұсыныстарды әзірлеу. Кеңес жұмысы аясында Нұр-Сұлтан қаласының «Конфессияаралық – келісім аллеясы» ашылды, көптеген өзекті мәселелер талқыланып, тиімді шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, жыл сайын «Рухани келісім» күніне орай дәстүрлі «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты республикалық конференциясы тұрақты түрде өткізіледі. Аталған шара өте ауқымды іс-шаралардың бірі. Қаламыздың діни ахуалына оң септігін тигізетін Басқармаға қарасты Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығын атап өткен жөн. Орталық дін саласындағы ахуалға талдау, зерттеу жұмыстарымен қатар, тиісті көмек берумен де айналысады. Мысалы, жақында «Жусан» операциясымен елге оралған және орталықтан көмек алып жатқан әйелдерді қоғамға бейімдеу және жұмыспен қамту мақсатында тігін цехы іске қосылды. Бүгінгі таңда 10 адам өз жұмыстарын бастап, төтенше жағдайға байланысты 400-ге жуық бетперде әзірледі. Бұл бетперделерді әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына тегін тарату жоспарлануда. Бұл азаматшаларға тегін түскі ас ұйымдастырылып, сондай-ақ жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекақы мәселелері шешілуде. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер халық арасында жоғары сұранысқа ие. Осыған орай, «Телеграм» желісінде «Сіздің діни сұрақтар бойынша жеке кеңесшіңіз» каналы ашылды. Аталған канал арқылы білікті дінтанушы, теолог мамандардан дін саласындағы кез-келген сұраққа жедел жауап алуға болады.