00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада екпе алатындар саны күрт артты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада екпе алатындар саны күрт артты
ашық дереккөз

«Вакцинация қарқыны тағы да артып келеді. Елордаға Pfizer препараты жеткізілгелі бері екпе алатындар қатары күрт артты. Біз тәулігіне орта есеппен 1 200-1 400 адамды вакцинациялай бастадық. Pfizer препаратымен вакцинациялау басталған соңғы екі күнде екпенің бірінші компонентін тиісті контингенттен 1 мыңға жуық адам алды. Осы қарқынды сақтап, тиісті жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Осылайша, елордада барлығы 460 мыңға жуық адам екпенің бірінші компонентін алды. Бұл екпе алуға жататын тұрғындардың 64,6%-ын құрайды. Елордада КВИ-ға қарсы вакцинациялауға 711 мыңнан астам қала тұрғыны жатады.

Қазіргі уақытта азаматтардың таңдауына екпенің үш түрі ұсынылады: ресейлік «Спутник», отандық QazVac вакцинасы және қытайлық Sinofarm Verocell препараты. Жүкті, бала емізетін, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін америкалық Pfizer препараты бар.