00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Pfizer» вакцинасы 15 қарашадан бастап жүкті әйелдер мен балаларға салынады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Pfizer» вакцинасы 15 қарашадан бастап жүкті әйелдер мен балаларға салынады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтандағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының алғашқы 35 100 дозасы жеткізілді. Вакцина Денсаулық сақтау министрлігінің бөлу кестесіне сәйкес қаладағы емханаларға таратылады.

«12-17 жас аралығындағы балаларға ата-аналарының рұқсатымен екпе салынады. Қазіргі таңда оқу орындары мен мектептерде және ата-аналарға Pfizer вакцинасы бойынша ақпарат берілді. Вакцинация ерікті түрде болады. Осы дүйсенбіден басталады. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазір 111 бала вакцина алуға тіркеліп тұр. Балалар екпе алмастан бұрын ең бірінші кезекте дәрігердің кеңесінен өтеді. Ал егер кейбір балалардың созылмалы аурулары болса вакцина салынбайды»,  –  деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айжан Амангелдиева. 

Вакцинациялау бірінші кезекте медициналық мекемелерде, одан кейін мектептер мен ЖОО-да жүргізіледі. 

«Нұр-Сұлтан қаласына 35 мыңнан астам Pfizer вакцинасы кетіп түсті. Бұл вакцинаны жүкті әйелдер 16 аптадан 37 аптаға дейін салдыра алады. Аталған вакцина зерттеуден өткен және сүт арқылы немесе бала жолдасы арқылы берілуі мүмкін емес. Шетелдерде жүкті әйелдер мен балаларға салынып жатыр», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ана мен босандыру бөлімінің басшысы Әйгерім Лебаева.