Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөз

Cиноптиктердің мәліметінше, 2 қарашада елордада тұман, көктайғақ және күндіз бұрқасын болады. Батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақ болуға кеңес берді.

"Қатты жел соққанда ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеруді, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз етуді, өртке қарсы құрал-жабдықтарды дайындау керек", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ көлікті ағаштар немесе ескі құрылыс тұрғын жердер алыс қойып, үйдегі барлық терезені тығыздап жабу керек.