Әнші Шаһизада денсаулығының мазалап жүргенін айтты

Бүгін, 11:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Әнші Шаһизада денсаулығының мазалап жүргенін айтты
Фото: instagram.com/shahizada.art

ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Шаһизаданың денсаулығы сыр беріп, оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Өнер иесі 10 жылдан бері бел омыртқасының ауырып жүргеніне шағымданды. 

«Өзіңді күтпесең, болмайды екен. Мен шауып жүре бергем, содан белім, омыртқаларым ауыра бастады. Негізі бұрыннан келе жатқан сырқат екен, мен өзімді күтпегенмін. «Ештеңе етпейді» деп спортқа барып, дәрумендерімді ішіп жүре беріппін. 10 жылдан бері ауырып жүр. Кейде өзінен-өзі қойып кететін. Мән бермейтінмін. Қыста вирустан қатты ауырғанмын, сол кезде бар ауруың құтырады екен. Қазір денсаулығыммен осындай жағдай болып жатыр. Сол жақтағы бүйрек те онша емес. Қан қысымы кішкене көтерілген», – деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі сыртқатының емін тапқанын да айтты. Күнделікті алма, сәбіз, қызылшадан жасалған сусынды ішетінін көрсетті. 

«Бұл енді бауырға да, бәріне де ем. Кешке тамақ ішпеймін, өйткені салмақ қосқанның кесірінен менің белім қазір ауырып жүр», – деді өнер иесі.