«Тонаушы болып шыға келдік»: Айнұр Тұрсынбаева бизнесін сынағандарға жауап берді

Бүгін, 09:29
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
«Тонаушы болып шыға келдік»: Айнұр Тұрсынбаева бизнесін сынағандарға жауап берді
Фото: instagram.com/aidyn_nury/

Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева жаңадан ашқан бизнесін сынағандарға жауап беріп, өзін аяқтан шалып жатқандарға шүйлікті, деп хабарлады Elordainfo.kz

Ол сұңғыла өсімдігінің шетелге сатылып жатқанын айтты. 

«Кішкентай кезімнен сұңғыланың тамырын қытайлар тонналап әкетіп жатқанын көзімізбен көрдік. Бірақ «Қытайлар бізді тонап жатыр» деп бір адам айтты ма?! Жоқ! Сол тамырдың қызығын өзіміз көрейік деп зауыт соқтық, бірақ біз тонаушы болып шыға келдік. Логика қайда?» – деп жазды ол. 

Айтыскер ақын қазақтың жауы қазақ екенін жеткізді.

«8 жыл Ресей компаниясында жұмыс істедік. Командада 100 мыңға жуық адам болды. Табыстың басым бөлігі Ресейге кетіп жатты. Бірақ бірде-бір сайт «Орыстар бізді тонап жатыр» деп жазды ма?! Жоқ! Гербалайф Қазақстанда 30 жыл үздіксіз жұмыс істеді. «Бізді Америка тонап жатыр» деген бір қазақ болды ма?! Жоқ! Біз заңды түрде тіркеліп, барлық өнімімізді сертификаттап, стандартқа сай жұмыс істесек те, бірден сынға іліктік. Түркиядан, Қытайдан, Кореядан серіктестеріміз келіп, біздің жұмысымызға жоғары баға берді. Бірақ қазақтың жауы – қазақ! Аяқтан шалып, құлатуды білеміз! Сөзбен сындырып, жылатуды білеміз!» – деді ол.