00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы елді мекеннің бір бөлігі газға қосылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы елді мекеннің бір бөлігі газға қосылды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесіп, бұрын газға қосылмаған Агроқалашық тұрғын алабы бөлігінде газ беруді бастады.

Осылайша, Дүйсенбаев көшесі – Қарталы көшесі – Тілендиев даңғылы – Бөкеев көшесі аумағындағы тұрғындар газға қосылуға мүмкіндік алды. Осы жылдың қараша айында Агроқалашықтың қалған бөлігін, сондай-ақ Потанин көшесі мен Маскеу көшесі маңындағы секторды газдандыру қамтамасыз етіледі.

Осы ауданда тұратын тұрғындар үйлерін газға қосуға тиісті өтінім беру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға (Республика даңғылы, 24) жүгіну қажет. Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7(7172)55-89-75, ішкі 1530, 1527.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының ортасынан бастап Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің тұрғындары да өз үйлерін газға қосып жатыр.

Айта кету керек, екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам ішкі кварталдық газбен жабдықтау желілері салынды. Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Оңтүстік-Шығыс, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды.

Осы күзде Промышленный, Агроқалашық және Оңтүстік-Шығыс (қосылмаған бөліктер) тұрғындарына мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде.

Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.