00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда "Игра в кальмара" ойыны өтеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда "Игра в кальмара" ойыны өтеді
ашық дереккөз

Ойынның тек бір ғана жеңімпазы болады. Жеңімпазға 200 мың теңге, ал қатысқандардың арасында тағы 300 мың теңге ойнатылады.

Ұйымдастырушылар ойынның ережесін толық ашпаса да, кейбір ойындар жайлы ақпарат берді. 

Ойында сериалдың түпнұсқадағыдай бес тапсырма болады. Бес тапсырманың тек үшеуі ғана мәлім. Қалған екі ойынды ұйымдастырушылар құпияда ұстауды жөн көрді.

Аталмыш ойынға 4 күнде 199 адам тіркеліп үлгерген. Қазір тек бір бос орын бар.

Қатысу үшін 9 мың теңге төлеу жеткілікті. Ойында "Тыныш жүрсең — әрі барасың", "Қант балдары" және асық ойындары болады (сериалдың кейіпкерлері жарысқан түпнұсқа "шарлар" ойынының аналогы).

Ұйымдастырушылар ойын толық қауіпсіз болады деп сендірді.