00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Нұр-Сұлтанда аулаларды абаттандыруға 1,5 млрд теңге кеткен

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл Нұр-Сұлтанда аулаларды абаттандыруға 1,5 млрд теңге кеткен
ашық дереккөз

«Бізде ауданның интернет сайты бар. Соған өтінім берсе болады. Ол жерде мекен-жайды жазып, ауланың немесе учаскенің жағдайын суретке түсіріп, өзінің идеясын, жоспарын жасап жіберуі керек. Биыл 57 аулаға 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды», - дейді Байқоңыр ауданы әкімдігі Абаттандыру бөлімінің басшысы Нұрбол Айтбеков.

Сондай-ақ биыл жалпы аудан бойынша 12 мың шаршы метр аумаққа тас, 19 мың шаршы метрден астамына асфальт төселген. 200-ден астам темір гараж алынып, оның орнына 150 көлікке шақталған автотұрақ салыныпты.

Енді келесі жылы Байқоңыр ауданында 75 ескі аула абаттандырылмақ.