Нұр-Сұлтанда «Үйдегі дәрігер» жобасы дұрыс жүргізілмей жатыр
Бүгінде қала бойынша 10 жобаның тек 7-еуі ғана ашылған. Ал медицина қызметкерлеріне арналған жатақханалар мен 100 орындық шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үй құрылысы әлі басталмапты. Сондай-ақ заманауи жұқпалы аурулар ауруханасы мен ересектерге арналған оңалту орталығы және перзентхананың іргетасы да жоқ. Жоспар бойынша олар 2023-2024 жылдары ашылуы тиіс екен.
«Өңірлік кеңестен жоспарланған құрылыс учаскесіне Мәжіліс депутаты Лариса Павловецтің қатысуымен көшпелі мониторинг жүргізілді. Сонда бөлінген учаскелерде ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмегені, сондай-ақ құрылыс басқармасында тиісті құжаттардың болмағаны анықталды. Өңірлік кеңестің мониторингі нәтижесінде 12.1, 12.3, 12.4-тармақтарды орындамау тәуекелі белгілі болды», - дейді «Nur Otan» партиясы жанындағы өңірлік қоғамдық кеңестің ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі төрағасы Динара Оразалина.