Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті
Кездесуге "Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшылары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері және мемлекет қайраткерлері мен мемлекеттік қызметшілер қатарынан спикерлер пулы өкілі қатысты.
Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Кенебаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістермен таныстырды. Мемлекет қайраткерлері мен мемлекеттік қызметкерлер қатарындағы спикерлер пулының өкілі, "Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ мектеп және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы А.Тастемір мемлекеттік қызметшінің имиджін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, респонденттер арасында мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қатысты жүргізілген сауалнама талдауының нәтижесімен бөлісті.