Astana Marathon 2021 «қола» статусына ие болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Astana Marathon 2021 «қола» статусына ие болды
ашық дереккөз

Белгілі болғандай, Bronze Label Road Races мәртебесі World Athletics ұйымы тарапынан 2019 жылдың қараша айында берілген. Astana Marathon-ның жетістіктері мұнымен шектелмейді. 2020 жылдан бастап Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group жас ерекшелік топтарында марафоннан әлем чемпионатының біліктілік марафондар тобына енсе, 2018 жылы Astana Marathon Халықаралық марафондар мен желаяқатар қауымдастығының (AIMS) мүшесі болды.

Бұған дейін хабарланғандай, биылға жоспарланған Astana Marathon 26 қыркүйек күні өтеді. Қатысушылар елдегі эпидахуалға байланысты міндетті түрде вакцинациядан өткен болуы қажет. Осыған сәйкес, спортшы желаяқтар саны шектеулі болады.

Аталған шара дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келеді. Қатысушылар үшін ақпарат ретінде айта кетсек, 10 км-ге жүгіру құны – 7,5 мың теңге, ал 42,2 км-ге – 10 мың теңге болады. Astana Marathon қайырымдылық іс-шарасы ретінде ұйымдастырылғандықтан, одан түскен қаражат қайырымдылық ұйымдарына жұмсалады. Осыған дейін яғни, 2009 жылдан бастап есептегенде қайырымдылық ұйымдары үшін 37 млн теңгеден астам қаражат жиналған.

Спорт сүйер қауым 23 қыркүйек күні сағат 00:00-ге дейін www.astana42k.com сайты арқылы онлайн тіркеле алады.