Елордада Симфониялық оркестрдің концерттік маусымы ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Симфониялық оркестрдің концерттік маусымы ашылды
ашық дереккөз

Концерт Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының үлкен залында өтті. Ұжымның көркемдік жетекшісі - Берік Батырхан және бас дирижер - Ернар Нұртазин көрермендерге жарқын әрі қызықты бағдарлама ұсынды.

Бүгінде бағдарламаларының әртүрлілігі мен симфониялық оркестрдің орындалуының жоғары деңгейі музыкасүйер қауымға ерекше кештер сыйлап келеді. Тыңдармандар симфониялық оркестрдің орындауында 20 ғасырдың композиторы - Игорь Стравинскийдің Firebird балетінің музыкасынан атақты француз композиторы - Морис Равельдің вальсі мен сюитасын тыңдап ерекше әсер алды. Орыс композиторы Петр Чайковскийдің әйгілі «Рококо тақырыбындағы вариацияларды» виртуоз виолончельші - Ермек Құрманаев орындады.

Сондай-ақ, кеш бағдарламасында Н.А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясын бітірген қазақтың талантты композиторы - Шырын Базарқұлованың скрипка мен оркестрге арналған композицияларын республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері белгілі скрипкашы - Динара Базарбаева-Сахаман өнерсүйер қауымға тарту етті.

Кеш қазақтың аса көрнекті композиторы, педагог, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Халық әртісі, “Қазақстанның Еңбек Ері" алты операның авторы, симфониялық күй негізін қалаушы - Еркеғали Рахмадиевтың “Дайрабай” симфониялық күйімен ашылды.

1961 жылы жазылған керемет виртуозды “Дайрабай” симфониялық күйі композитордың ең танымал шығармаларының бірі ғана емес - бұл Қазақстан симфониялық музыкасының визиттік карточкасы.

Әлемдік және қазақстандық симфониялық шығармалардан ерекше әсер алған көрермен музыканттарға ерекше қошемет көрсетті.