Қазақстандық балалар Балқан Олимпиадасында бес медаль иеленді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық балалар Балқан Олимпиадасында бес медаль иеленді
ашық дереккөз

Зияткерлік жарысқа 18 елден 100-ден астам оқушы қатысты. Командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 6-орынға тұрақтады Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысты. Жеңімпаздардың қатарында күміс медаль иегері Таир Сатубалдин, қола жүлдегерлер — Нұрасыл Әбдіразақ, Рахим Баймурзин, Юрий Тен, Батырхан Сакенов бар. Құрмет грамотасымен Сам Фетуллах марапатталды.

«Олимпиаданың турнирлік күнінде жас математиктердің алдына қиын міндет қойылды. Олар төрт тапсырманы шешуі тиіс болды. Біздің оқушылар Балқан елдері, сондай-ақ Ұлыбритания, Италия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің білім алушылары қатысқан жарыста жақсы нәтижелер көрсетті», — деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Биыл математикадан Балқан олимпиадасы 6-10 қыркүйек аралығында өтті.