Жастар арасында киберспорт экожүйесін дамыту жайы талқыланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жастар арасында киберспорт экожүйесін дамыту жайы талқыланды
ашық дереккөз

Тараптар ынтымақтастығының негізгі мақсаты – жастар арасында киберспортты қолдау және дамыту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру.

"Мектептер мен ЖОО-ларда жастарға киберспорттың бос уақыт өткізу емес, керісінше жастардың әлеуетті дамуындағы жаңа жолдардың бірі екенін түсіндіру қажет. Осы Меморандум Қазақстан жастарын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді деп үміттенемін", – деді Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Биыл CS: GO, FIFA, PUBG:Mobile киберспорт пәндері бойынша республикалық турнир өткізу жоспарланып отыр. Турнирдің мақсаты – жастар арасында киберспорт экожүйесін дамыту және ілгерілету. Қол қою аясында тараптар серіктестікті егжей-тегжей талқылады, сондай-ақ бірлескен жобалардың жоспарын анықтады.