Алматының апорты астанада арзан бағамен сатылуда
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алматының апорты астанада арзан бағамен сатылуда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210716917703159.webp)
ашық дереккөз
«Бүгін Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласынан – Талдықорған, Қапшағай және Текеліден әкелінген өнімдер ұсынылуда. Біз 214 млн теңгеге татитын 462 тонна өнім алып келдік. Онда 50 түрлі азық-түлік бар. Бағасы нарықтағыдан біршама арзан. Қолайсыз ауа райына қарамастан, халық көп келіп жатыр. Жәрмеңке екі күнге созылады», – дейді Алматы облысы Ауылшаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Жүсіпов.
Талғар ауылынан келген «Ержанов» ЖК өкілдері жәрмеңкеге атақты апорт алмасын әкеліпті.
«Біз апорт алмасын, сондай-ақ алмұрттың екі түрін – орман алмұрты мен талғар алмұртын алып келдік. Біз бұл жемістерді 20 гектар жерде өсіреміз. Апортты өсіріп жатқанымызға 10 жылдай болды. Жәрмеңкеге 12 тоннасын әкелдік. Халық жақсы алып жатыр», – дейді олар.
Ұқсас жаңалықтар