Пойыздар енді «плацкарт» вагонысыз жүретін болды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын» деп жазылған жаңа қаулыда.
Сондай-ақ құжат бойынша облыстарда, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында осы қаулымен бірге берілген №1 және №2 қосымшалардағы тізімге енбеген объектілердің қызметін де қайта бастау тапсырылған.
«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, ҚР Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы» делінген қаулыда.
Ал облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитар дәрігерлеріне «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығы берілмейтін болды. Қаулы келесі дүйсенбі күні, яғни 13 қыркүйекте сағат 00.00-де күшіне енеді.
Ұқсас жаңалықтар