Қазақстаннан Сауд Арабиясына рейстер ашылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстаннан Сауд Арабиясына рейстер ашылады
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 7 қыркүйектегі отырысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады. Сауд Арабиясына рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Сауд Арабиясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады. Рейстер бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.