Қазақстандықтар сүт ішуді азайтып барады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандықтар сүт ішуді азайтып барады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210716703870766.webp)
Ауылдық жерде сүт ішу көрсеткіші көбірек: биыл І тоқсанда әрбір ауыл тұрғыны орташа есеппен 6,3 лит сүт ішсе, қала тұрғыны небәрі 1,8 литр сүт тұтынған. Ал өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісі төртінші жыл қатарынан өсіп барады: 2021 жылғы қаңтар-шілде аралығында өндіріс көлемі 359,6 мың тоннаны құраған, бұл өткен жылға қарағанда 8,1%-ға көбірек. Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша, отандық компаниялар сүт пен кілегейге сұранысты 96,3%-ға қамтамасыз еткен. Импорттың үлесіне 3,7% немесе 11,9 мың тонна сүт тиеді, былтырмен салыстырғанда бұл 5,7%-ға артық. Сүт экспорты 14,3%-ға артып, 18,7 мың тоннаға жетті. Бағаға келсек, 2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында сүт былтырға қарағанда 9,5%-ға қымбаттаған, бұл – соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Қалалар арасында ең қымбат пастерленген сүт Өскемен мен Қарағандыда: майлылығы 3,2%–4% құрайтын пастерленген сүттің литрі Өскеменде орташа есеппен 382 теңге тұрса, Қарағандыда 357 теңгеге сатылған. Майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүттің литрі Қарағанды мен Нұр-Сұлтанда – 275 теңге, Өскемен мен Семейде – 274 теңге.