11,8 млн. га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды – ҚР АШМ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
11,8 млн. га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды – ҚР АШМ
ашық дереккөз

Ағымдағы орташа өнімділік гектарына 8.7 ц құрап, 10.3 млн тонна астық бастырылды. Осы жылдың шілде-қазан айларына жоспарланған 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынының 221,1 мың тоннасы немесе 56% тиеп-жөнелтілді. Энергетика министрлігі мұнай өңдейтін зауыттармен(МӨЗ) 156 теңге/литр (189,0 мың теңге/тонна) бағасын белгіледі, операторлардың жеткізуін ескере отырып, өңірлерде орташа баға 177 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 11% - ға арзан (ЖҚС-198 теңге/литр). Жалпы егін жинау науқаны штаттық режимде өтуде. Ауа райы қолайлы болған жағдайда егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде аяқтап, астық жинау бойынша болжамдар толық орындалады деп күтілуде.