Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды
ашық дереккөз

"Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын", - делінген Президент Жарлығында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев министр қызметінен босатылып, Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді.