Түркістан облысында ірі көлемде ақша жымқырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Түркістан облысында ірі көлемде ақша жымқырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107181539058002.webp)
ашық дереккөз
Ақшалай қаражат орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорттық іс-шараларға дайындау шеңберінде тамақтандыруға арналған еді.
"Жымқыру тиісті тізімдемеде спортшылардың қолдарын қолдан жасау жолымен жүзеге асырылды. Яғни, бюджеттен қаражат бөлінді, ал спортшыларды тиісті деңгейде даярлау жүргізілген жоқ. Сондай-ақ, тергеу барысында айыпталушылар алдын ала сөз байласу арқылы оларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің оң шешімі үшін ЭТД жедел қызметкеріне 6 млн теңге сомасында пара бермек болған", - делінген хабарламада.
Әдістемелік орталықтың қызметкерлеріне 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шымкент қаласының прокуратурасында.
Ұқсас жаңалықтар