Елордада суретші Жеңіс Нұрлыбаевтың көрмесі ашылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада суретші Жеңіс Нұрлыбаевтың көрмесі ашылады
ашық дереккөз

«Күміс қауырсын» графикалық топтамасын жалғастыра отырып, автор мәжбүрлі оқшаулану кезеңдерін тордан ұшатын құс бейнесінде адамның эмоционалды-психологиялық жағдайын қабылдау механизмін іске қосқан триггер ретінде бағалайды. Жеңіс Кәкенұлы мәдениетті қолдау жылы эмблемасының авторы (2000 ж.), 2009 және 2010 жж. президенттік стипендияның лауреаты. 2013 жылы жарық көрген «Ақ зер» суретшілер туралы кітаптың авторы («Фолиант» баспасы). Бұл кітапта еліміздің көрнекті суретшілері туралы ғана емес, сонымен бірге реализм, гиперреализм, импрессионизм және әлемге әйгілі маринистер туралы әдеби эсселер бар. 2018 жылы Жеңіс Кәкенұлы «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті өткізген «Жыл адамы - 2018» жобасының нұсқасы бойынша «Жыл суретшісі» номинациясында марапатталды. «Пандемия. Шектеу. Самғау...» көрмесі 2021 жылғы 27 қыркүйекке дейін жалғасады. Іс-шараға «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы кіруге болады.