Қазақстанда балаларды жоспарлы вакцинациялау туралы бірыңғай ресми ақпараттық ресурс іске қосылды
БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен (ҚР ДСМ ҚДСҰО), АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен балалардың жоспарлы вакцинациясы туралы ресми ақпарат пен медициналық зерттеулердің нәтижелері жинақталған сайт әзірленді. Ақпараттық ресурста Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әрбір вакцинаның толық сипаттамасы бар. Сайтқа кірген кез келген адам вакцина қорғайтын инфекциялармен танысып, қарсы көрсетілімдер мен ықтимал жанама әсерлер туралы оқи алады. Сайттың іске қосылуымен әрбір қазақстандық ата-ана аутизм және ҚПҚ вакцинасы туралы мифтің қалай пайда болғаны, неліктен балалар екпелерінде сынап жоқ екендігі, сондай-ақ инъекция орнын сулауға болатыны әлде болмайтыны жайлы білетін болады. Сондай-ақ вакцинация туралы мифтердің толық тізімі мен оларды әшкерлейтін сенімді ақпараттқа көз жеткізеді.
«Вакцинация мәселелері көпшілік пен бұқаралық ақпарат құралдарын жиі алаңдатады. EGU.kz сайтының негізгі міндеті – вакциналар туралы толық және сенімді ақпарат беру және республикада вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл платформа вакцинация саласындағы тәжірибелі мамандар және ғалымдар мен халықтың арасындағы ашық және шынайы диалогына арналған, диалогтың арқасында әркім өз сұрақтарына кәсіби және ғылыми негізделген жауаптар ала алады», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.
Сайт қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған нұсқа да бар. Ресми ресурста вакцинация күнтізбесі, вакцинация орталықтары, вакциналар мен аурулар, мифтер, сұрақтар мен жауаптар сияқты айдарлар бар.