Бейбіт Атамқұлов авиация мамандарын даярлауда Литвамен ынтымақтастық орнатады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бейбіт Атамқұлов авиация мамандарын даярлауда Литвамен ынтымақтастық орнатады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210721047675557.webp)
ашық дереккөз
Кездесуде Қазақстан-Литва көлік ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Оның ішінде ҚР Азаматтық авиация академиясы мен "Avia Solutions Group" мультисервистік авиациялық холдингі арасында оқу орталығын құру, сондай-ақ академияны ұшқыштарды оқыту бойынша Еуропалық әуе қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) сертификатын алуға дайындау мәселелері қаралды.
"ИКАО және EASA заманауи талаптарына сай келетін білікті ұшқыштарды даярлау - еліміздің авиация саласының басым міндеті. Қазіргі заманғы авиасимуляторларда олардың дағдыларын жетілдіру шұғыл жағдайларда жедел шешім қабылдауын жақсартады. Бұл ұшу қауіпсіздігіне сөзсіз оң әсер етеді", - деп атап өтті министр Б.Атамқұлов.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/09/ba2ddbd6-a643-4fd9-9050-7b2dda61c923.jpg)
Қазіргі уақытта Қазақстанның азаматтық авиациясында 20 мыңнан астам қызметкер, оның ішінде 1 500-ге жуық ұшқыш және екі мыңнан астам инженерлік-техникалық маман жұмыс істейді. Салалық болжамдар бойынша, 2025 жылға дейін елімізге қосымша 500-дей ұшқыш, 1 мыңға тарта инженер қажет болады.
Ұқсас жаңалықтар