Биыл 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөз

Осы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,0%) Өзбекстаннан, 9,8% –Қытайдан, 6,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды. Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 27,1%-ды және зейнеткерлер 17,6%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 45,7%-ы жалпы орта білімді және 3,9%-ның білімі жоқ.