Елдегі автожолдардың іске асырылу барысы тексерілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елдегі автожолдардың іске асырылу барысы тексерілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107209321186657.webp)
Атап айтқанда, комитет басшысы "Меркі-Бұрылбайтал" жобасы бойынша 7-273 шақырымдағы реконструкциялау жұмыстарын тексерді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары учаскенің барлық бойында жүргізілуде. Қазір жолдың 150 шақырымда қозғалыс ашылған. Аталған объектіде арнайы техниканың 599 бірлігі және мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр.
Бұдан бөлек, «Құрты-Бұрылбайтал» автожолының 2295-2380 шақырымындағы учаскелер де тексерілді. Жұмыстар учаскенің барлық ұзындығы бойынша іске асырылуда.
Комитет жетекшісі «Қапшағай–Құрты» жобасының 0-67 шақырымындағы учаскесінде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен де танысты. Бүгінде мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқын алған. Нысанда 296 техника бірлігі мен 500-ге жуық адам жұмылдырылған.
Әр объектіде реконструкциялау жобаларына тартылған мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдармен жедел көшпелі кеңестер өткізілді. Комитет төрағасы жұмыс қарқынын жеделдету және жобаларды жүзеге асыруды уақтылы аяқтау үшін бірқатар тапсырма жүктеді.