Алдағы күндері жаңбыр жауып, күн суытады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Республиканың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбыр жауады: солтүстікте қатты жаңбыр болжануда. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз. 8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5-10, күндіз 14-22 жылы, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 13-23 жылы, шығыста түнде 7-12, күндіз 20-25 жылыны көрсетеді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10-15, күндіз 22-27 жылы болады.
Ұқсас жаңалықтар