Футболдан Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Футболдан Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді
ашық дереккөз

2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеуі аясында Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездесті. Ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылған жоқ. Тек 60 минутта сол қапталдан Уроненнің асырған пасын сәтті пайдаланған Похьянпало таблодағы көрсеткішті өзгертті. Бұл ойынға бас бапкер Талғат Маруаұлы қосалқы құрамның ойыншыларын шығарды. Жас ойыншыларға мүмкіндік беріліп, үлкен тәжірибеден өтті. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 8 қыркүйек күні Босния және Герцеговина құрамасына қарсы өткізеді.