Финляндия – Қазақстан арасындағы ойынның трансляциясын қайдан көруге болады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Финляндия – Қазақстан арасындағы ойынның трансляциясын қайдан көруге болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107213613970812.webp)
Талғат Байсуфинов шәкірттерінің кезекті қарсыласы Финляндия құрамасы. Матч сырт алаңда өтеді. Бұл кездесуге дейін екі құрама да 2 ұпайдан жинады. Бірақ финдер бір матч кем өткізген. Финляндия да, Қазақстан құрамасы да жеңіске жетсе, турнирлік кестеде едәуір жоғарылайды. Бұған дейін Қазақстан мен Финляндия құрамалары 2008 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде кездескен. Ол кезде қазақстандық футболшылар екі рет ұтылды (Алматыда 0:2 және Тампереде 1:2). Финляндия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:50-де басталады. Ойынды «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ 21:50-де Кипр - Ресей, 00:35-те Украина - Франция арасындағы ойындар да көрсетіледі.