Ұлттық ғылыми онкология орталығы елордалықтарды Ашық есік күніне шақырады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық ғылыми онкология орталығы елордалықтарды Ашық есік күніне шақырады
ашық дереккөз

Акция бүйректің, қуықтың, қуықасты безінің ісікалды және ісік ауруларының алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу, сондай-ақ қатерлі ісіктерді уақтылы тексеру және алдын алу қажеттілігі туралы халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында өткізіледі. "Сапалы және уақтылы кеңес алу мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты келесі ережелерді ұстануды сұраймыз: - алдын ала сall-орталықтың 8-7172-702-911 телефоны бойынша дәрігерге жазылу және қабылдау уақытына келу қажет; - еріп жүрушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз; - егер сізде ЖРВИ белгілері болса, өзіңізді нашар сезінсеңіз, Ашық есік күні дәрігерге барудан аулақ болуыңыз керек, өйткені безгегі бар адамдар Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық орталығына жіберілмейді; - өзімен бірге жеке куәлігі және алдыңғы тексерулердің нәтижелері (олар болған жағдайда) болуы қажет", - делінген хабарламада.