Елорда әкімдігі ЖОО мен колледждерде білім алу үшін 5 300 грант бөлді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда әкімдігі ЖОО мен колледждерде білім алу үшін 5 300 грант бөлді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107216848376419.webp)
[caption id="attachment_99884" align="alignnone" width="1280"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
Бұдан басқа, мемлекет жыл сайын Елбасының «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиялар бөледі, ол бойынша студенттер шетелде білім ала алады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында білім беру саласын маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Президенттің тапсырмасы бойынша 2024 жылға дейін жыл сайын педагогтердің жалақысы 25%-ға көтеріледі, білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, кәсіптік білім алуға гранттар бөлінеді, жалпыға міндетті оқу аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіледі. Мысалы, осы жылдың өзінде жалпы оқу аясында 800 млн теңге бөлеміз, бұл бізге оқушылардың басым бөлігін материалдық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді, өткен жылдан бастап материалдық көмек көлемі ұлғайтылған болатын.
[caption id="attachment_99885" align="alignnone" width="1280"]
Фото: Александр Куприенко[/caption]
Оқу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын мектептер саламыз. Биыл 15 мектеп ашылады. Бұл бізге шамамен 40 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді, салыстырар болсақ 2020 жылдан екі есе, ал 2019 жылдан төрт есе көп. Инвестициялық кеңестерде 30 жекеменшік мектептің құрылысын қолдадық.
Құрметті оқушылар, тек еңбек пен білімнің арқасында ғана жетістікке жете аласыздар. Мамандықтың бәрі маңызды. Дендеріңізге саулық, бақыт тілеймін! Шығар шыңдарыңыз биік болғай!» – деп жазды елорда әкімі.