Елордада бір айда КВИ жұқтыру көрсеткіші 21%-ға төмендеді – Пірәлиева
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада бір айда КВИ жұқтыру көрсеткіші 21%-ға төмендеді – Пірәлиева](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107213638992916.webp)
ашық дереккөз
Спикердің айтуынша, елордада CОVІD-19 оқиғаларының тіркелуі жалғасуда. Соңғы 10 күнде тәулігіне жұқтырғандар саны 650-ден аспайды, ал соңғы аптада орташа тәуліктік тіркеу 470-ті құрады.
«Нәтижесінде тамыз айында ауру деңгейі шілдемен салыстырғанда 21%-ға төмендеді. Аптасына сырқаттанушылықтың төмендеу қарқыны 25-тен 31%-ға дейін сақталады. Ал соңғы аптада сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда өткен аптамен салыстырғанда 31%-ға төмен болды. Бір апта ішінде 3 355 адам COVID-19 жұқтырды (алдыңғы аптада – 4 920 адам), 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш – 258,2. Репродуктивті нөмір – 0,765», – деді Жанна Пірәлиева.
Оның айтуынша, сырқаттанушылық деңгейінің төмендеу үрдісіне қарамастан қала эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша «қызыл аймақтан» шыққан жоқ. Сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткішінде клиникалық белгілері бар науқастардың жоғары үлес салмағы 78-79%-да сақталуда. Сондықтан КВИ ауруының деңгейін одан әрі төмендету үшін азаматтар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және қол гигиенасын сақтауы керек.
Ұқсас жаңалықтар