Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай жақсарды
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемованың айтуынша, қалада тіркелген науқастардың саны тамыз айымен салыстырғанда 3 есе азайды.
«Соңғы аптада КВИ-дің жаңа тіркелген жағдайларының саны күніне орта есеппен 470 жағдайды құрайды (тамыздың бірінші онкүндігінде 1 300-ден асқан). Соңғы тәулікте 384 жаңа жағдай тіркелді. Тиісінше, стационарларға түсетін науқастар саны тамыз айының басындағы 320-дан бүгін 120-ға дейін төмендеді», – деп хабарлады ол.
Бүгінгі таңда 1 484 науқас инфекциялық стационарларда жатыр, жүктеме 41%-ды құрайды.
«Егер осы көрсеткішті тамыз айының басында 2 900-ге жеткен болса, қазір ковидтік стационарлардағы пациенттер екі есеге төмендегені байқалады. Реанимациялық бөлімшелердегі науқастардың саны да азайды, бүгінгі таңда мұндай пациенттердің саны 153, оның ішінде ӨЖЖ-де 33 адам жатыр. Жаз мезгілінде реанимациялық төсектер 230 және одан жоғары емделушілерді қамтыды. Аурудың деңгейі қайтадан өспеуі үшін санитарлық талаптарды сақтау және карантиндік шараларды ұстану қажет», – деп қосты спикер.
Сондай-ақ, ведомство өкілі жедел жәрдемге, БМСК ұйымдары жанындағы мобильді бригадаларға түсетін жүктеме азайғанын айтып өтті. Мәселен, жазда жедел жәрдем станциясына жүгіну саны тәулігіне 4 мыңға жетсе, қазір – 2 400. КВИ бойынша қоңыраулар да азайды, тәулігіне 100-120. Жазда күніне 300-350-ге жеткен болатын. Әлия Рүстемова өз сөзінде вакцинациялау және бұл істі кейінге қалдырмау маңызды екенін айтып өтті. Мамандар вакцинацияның көмегімен азаматтар арасында аурудың өсуін, вирустың таралуын болдырмауға болатынын атап өтті.