Будапешт пен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тұрақты әуе рейстері ашылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Будапешт пен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тұрақты әуе рейстері ашылады
ашық дереккөз

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен ҚР Венгриядағы Елшілігінің бірлескен жұмысының арқасында 2021 жылғы 9 қыркүйектен бастап Венгрияның "Wizz Air" әуе тасымалдаушысы Будапешт пен Нұр-Сұлтан қалалары арасында А320 ұшақтарымен аптасына 1 рет тұрақты рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр. Венгрияға жасалатын рейстер санын ұлғайту мәселесі эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.