ҚР ЖОО кітапханалар қауымдастығы мен «TÜRKTAV» қоры меморандумға отырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҚР ЖОО кітапханалар қауымдастығы мен «TÜRKTAV» қоры меморандумға отырды
ашық дереккөз

Меморандум аясында тараптар мәдени, білім беру, ғылыми, зерттеу және ақпараттық салаларда ынтымақтастығын дамытады. Айта кетсек, ҚР Жоғары оқу орындары кітапханалар қауымдастығы 2002 жылдың ақпан айында құрылған. Қазіргі таңда қауымдастық құрамына Қазақстанның 86 пайыздан аса тәлiмгер бiлiм алатын 77 аккредиттелген жоғары оқу орны кiредi. Бiлiктi маман даярлауда көшбасшы саналатын бұл оқу орындары білікті оқытушылар құрамы мен кұнды кiтапханаға ие. Ал "TÜRKTAV" Түркі тарихы мен мәдениеті қоры 2007 жылы құрылған. Түркі әлемі мәдени мұрасын сақтау мәселелерiмен айналысады. Мәдениет және білім беру саласындағы iрi халықаралық ұйымдармен, мекемелермен, институттармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді. Қордың басты жобасы – "Отырар" электрондық кiтапханасы. Жоба мақсаты – Түркітiлдес халықтардың мәдени мұрасын кеңiнен насихаттап, құнды басылымдардың барынша толық топтамасын жасау. Кiтапхананың "Отырар" деп аталуы да кездейсоқ емес. XII ғасырдың соңында Отырар кітапханасы атақты Александриядан кейінгі ең ірі кітапхана болып саналған. Оның пайда болуына Ұлы Жібек жолы ықпал еткен. Қазіргі уақытта электронды кітапхана қорында 100 мыңнан аса сирек кітап пен қолжазбалардың, мерзімді басылымдардың электрондық көшірмелерi бар.