Қазақстан мен Үндістан әскери қызметшілерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтіп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан мен Үндістан әскери қызметшілерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтіп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107222813754506.webp)
Оған Қазақстаннан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері және Үндістанның құрама ротаға біріктірілген әскери контингенті қатысуда.
Бірінші кезеңде жеке құрам жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру іс-қимылдарын пысықтады. Халықаралық бөлімшелердің әскери қызметшілері дағдарыс ауданына марш жасады. Қазіргі уақытта межелі жерде роталық тактикалық құрама топ бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіруді орындады.
Оқу-жаттығу шеңберінде қосымша бөлімшенің әскери қызметшілері барлау-іздестіру және рейдтік іс-қимылдар жүргізеді. Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде БҰҰ-ның мандатына сәйкес дағдарыс аймағында заңсыз қаруланған топтарды оқшаулау және жою жоспарланған.
«ҚазҮнді-2021» бірлескен оқу-жаттығуы Қазақстан мен Үндістан қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары шеңберінде өткізілуде. Оқу-жаттығу 10 қыркүйекте аяқталады.
Оқу-жаттығу санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы арқылы өтуде. Оған қатысушылар барлық қажетті карантиндік іс-шаралардан, медициналық тексерістен өтіп, ПТР-тест тапсырды.