Бокстан Азия чемпионатында қазақстандықтар сегіз алтын жеңіп алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бокстан Азия чемпионатында қазақстандықтар сегіз алтын жеңіп алды
ашық дереккөз

Жас боксшылар Дубай төрінде сегіз алтын жеңіп алды. Сондай-ақ, былғары қолғап шеберлері екі күміс, екі қола еншіледі. Алтын жүлдегерлер: Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Әбдіғали Әбдікерім (57 келіі), Ерасыл Ермек (60 келі), Ернұр Сүйінбай (63,5 келі), Абзал Серік (67 келі), Бақберген Әлиасқаров (75 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі). Мәди Әміров (92 келі) пен Даниял Сапарбай (+92 келі) күміс жүлдегер атанса, Арман Алматұлы (71 келі) мен Дәурен Мамыр (82 келі) қола жүлде еншілеген.